Қан тапсырғаннан кейін 1-2 жұмыс күнінен кейін трансфузиялық инфекцияларға тексеру нәтижесін жексенбіден басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 16.30-ға дейін тіркеу бөлімінен немесе www.donorblood.kz сайтынан «Талдау нәтижелері» бөлімінде алуға болады. Деректерді қате терген жағдайда консультацияға шақыру туралы жазба пайда болады. Егер деректер дұрыс енгізілсе, консультация туралы жазба шығады, ақпаратты алу үшін қан орталығына келу қажет болады.
Тексеру нәтижесін алу үшін келесі деректерді енгізу керек:
1)Донация коды: анықтама № (оны донация залында қан тапсырғаннан кейін беріледі);
2)Құпиясөз: жеке куәлік бойынша Сіздің Тегіңіз;
Тексеру нәтижесіне қолжетімділік тексеру нәтижесін алғаннан кейін 15 күн бойы белсенді болады.